14 жасымда адамдарға консультация бере бастадым - Мәрзия Бекайдар
Танымал психолог, коуч Мәрзия Бекайдар алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр шертті. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы МОMs’кий бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәрзия Бекайдар ата-анасының өте идеальный адамдар екенін тамсана жеткізді.
- Мен ата-анама таңқаламын. Олар сондай идеальный адамдар. Папам кішкентай кезімізден бастап, бізбен үлкен адамдарға сөйлесетін. Ол қызмет жасаған, орыс тілді адам. Бізге орысша сөйлейді. Бірақ, мен орысша түсінбеймін. Тек тыңдап отырамын. Содан болар, мен 14 жасынан бастап адамдарға консультация бере бастадым, дейді.
Психлог 20 жаста өзінен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққанын бүкпесіз айтты.
- Өзімнен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықтым. Ол менің шешімім. Ата-анам қарсы болмады.
Бірақ, бізде өте үлкен сынақ болды. Мен ұзатылғаннан соң, екі апта ғана бірге тұрдық. Үйлену тойымызға дайындалып, қонақтарды шақырып қойғанбыз. Тек көйлек алу ғана қалған еді. Күйеуім бір жарым жыл түрмеде отырып келді, — дейді психолог басынан өткен қиын жайттарды сабырмен баяндап.