Menu

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы маңындағы тауларда 2600 -ден жоғары биіктікте қар қалындығының 25 см ұлғайуына байланысты (қардың түсуі әлі жалғасуда) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады», — деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.