Menu

Токио қаласында өтетін ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындарының басталуына 30 күн қалды

2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Дода басталуына тура 30 күн қалды . Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо.

Ұлттық командалар төртжылдықтың басты додасына дайындықты аяқтап жатыр. Қараша айында қорытынды оқу-жаттығу жиындары өтуде:

Биыл Қазақстанды рекордтық құрам – 79 спортшы таныстырады. Құрамға бұған дейінгі Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен тәжірибелі спортшылармен қатар, Сурдлимпиадаға алғаш рет қатысатын жас спортшылар да енген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Азамат Қарлығашев: «Құрамалар жақсы қалыпта, бапкерлер мен мамандар жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Спортшыларымыз ел намысын лайықты қорғайтынына сенемін. Біздің мақсатымыз – Бразилияда өткен ойындардағы нәтижені жақсартып, Сурдлимпиада елдерінің үздік ондығына ену».

Сурдлимпиада ойындары – есту қабілеті шектеулі спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыс, ол Халықаралық саңыраулар спорты комитетінің (ICSD) қолдауымен өткізіледі. Қазақстан бұл қозғалысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 80-нен аса елінен шамамен 3 000 спортшы қатысады деп күтіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің Бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, демеушісі – Sport Qory спортты қолдау қоры.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің Баспасөз қызметі