Menu

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.

9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері оқиғаның себептерін тексеру үшін комиссия жіберілгенін мәлімдеді.

Ал 10 қазан сағат 03:50-де Сұрған стансасы бойынша пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылған. Бұл уақытқа дейін апат салдары жойылған. Жолаушылар пойыздары өткізілгеннен кейін осы учаскеде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін "толаскез" беру жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда экономикалық жағдайға байланысты 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің тарифі көтерілетіні туралы хабаралған болатынбыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, теміржол жолаушылары тасымалының жол ақысы 20 пайызға көтерілді.

Сурет: pixabay.com