Menu

Семейде екі жеңіл көлік соғылды

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер бар.

Бүгін Семей қаласында Щорса көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі озып бара жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жай анықталуда.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде мұқият болуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі