Елде рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады
Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін. |
Тиісті бұйрық жобасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Бұйрық жобасында рульдік басқару оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу көзделеді", — делінген хабарламада.
Жоба 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Айта кетейік, 2007 жылдан бері Қазақстанда рулі оң жақта орналастырылған көліктерді тіркеуге тыйым салынғанымен, оларды пайдалануға тыйым салынбаған.