Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен
Үш айда Қазақстанда 177 адам суға батып кеткен.
Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.
Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен. Оқиғаның көпшілігі жабдықталмаған жағажайда болған.
Суға батып кетудің негізгі себебінің бірі — өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде шомылу немесе жүзе алмауы. Ал балалардың өлімінің басты себебі — ересек адамның қарауынсыз қалуы.
Ел бойынша барлығы 612 рұқсат етілген су демалыс орны бар. 4285 орын шомылу үшін қауіпті деп танылып, шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілді.
Сурет: ашық дереккөздерден