Menu

Абай облысында салынып жатқан "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тас жолы талапқа сай келмейді

Қолданылған асфальттің тығыздығы, су өткізгіштігі мен жолдың тегістігіне қатысты кемшіліктер көптеп анықталыпты.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" мамандары ондағы төселген 363 шақырым жолдың 254 шақырымына сараптама жүргізген. Нәтижесінде, оған қолданылған асфальттің тығыздығы, су өткізгіштігі мен жолдың тегістігіне қатысты кемшіліктер көптеп анықталыпты.

"431 сынама алынды. Ол егер 100 процент болатын болса, оның 30 проценті нормативтік-техникалық құжаттамамен және де жобаның талаптарымен сәйкес келмейді. Біз тапсырыс берушіге жол құрылысы кезінде кеткен кемшіліктер жөнінде құжаттарды жібердік. Қалпына келтіру жұмыстарын енді жасайды" — дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облысы филиалының сарапашысы, Дулат Асан.

Аталған күре жолды жөндеу 6 жыл бұрын басталған еді. Ол үшін мемлекеттен 161 миллиард теңге қаржы бөлінген. Алайда, сағызша созылған құрылыс әлі бітер емес. Енді оны салу кезінде кеткен қателіктерді қайта қалпына келтіру үшін тас жол құрылысы тағы созылуы мүмкін-дейді мамандар.

Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне