Menu

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды

Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады.

Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



"Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады, әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды", — деп қосты ПД баспасөз қызметінде.


Сурет: видеодан скриншот