Menu

Қазақстан үкіметі қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі жасалғанын мәлімдеді

Бұл туралы Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты.

"Қатерлі ісікке қарсы отандық D-VC (Made in Kazakhstan) препаратын жасау" жобасы бойынша қатерлі ісікке қарсы әлемде баламасы жоқ жаңа препарат қарқынды әзірленіп жатыр. Бұл препарат жасалу барысында терапияны қиындататын аса ауыр деңгейдегі қатерлі ісік түрлерімен ауыратындардың өмірін ұзартады", — деді министр. Саясат Нұрбек бұл препарат онкологиямен күресудің инновациялық жолы екенін айтты.

Биотехнолог Дос Сарбасов ұзақ уақыт бойы Техас университетінде Андерсон атындағы онкологиялық зертханада жұмыс істеген. Ол жасушалық қорек бағыты бойынша маманданған. Ол қатерлі ісік жасушаларының қоректену үдерісін жою амалын тапты. Бұл қатерлі ісікпен күресудің инновациялық әдісі.

"Біз бірінші қояндар мен тышқандарға эксперимент өткізу кезеңінен өттік. Бүгінгі таңда онкология университетінде 15 адам бірінші кезеңнен өткен. Келесі жылы нарыққа шығаруды жоспарлап жатырмыз", — деп қосты ғылым және жоғары білім министрі.

Сурет: ашық дереккөздерден