Menu

Алматыда орталық көшелердің бірінде жеңіл көлік аялдамаға соққан

Алматыда жеңіл көлік аялдамаға соғылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Адырна порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда болған жол апатынан 7 адам зардап шекті. Оқиға 28 тамыз күні түскі 12:20-да қаланың орталық көшелерінің бірінде болған.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Тараған бейне жазбада көліктің адамдар тұрған аялдамаға соғылғаны анық көрсетілген.

Алматы полиция департаменті жол апатының болғанын растап отыр. «Мерседес» көлігін тізгіндеген 1987 жылы туған жүргізуші Абылай хан көшесіне қарай келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылып, рульді басқара алмай, автобус аялдамасына соқтығысты. Осы жол апатының салдарынан аялдамада болған 7 адам зардап шеккен. Олар қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен назарға алынды», — деп хабарлады полицейлер.