"Мерзімінен бұрын босатуды сұраймын": Мұрат Әбділдә түрмеде өмірі жайлы айтты
Әлеуметтік желі арқылы әнші Мұрат Әбділдә қазіргі жағдайы туралы айтты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Жедел сұхбат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұрат Әбділдә Шымкент қаласындағы 167/3 колониясында жазасын өтеп жатыр. Айтуынша, түрмеден қыркүйек айында босап шығады деген қауесеттің шыққаны тегін емес көрінеді.
“2023 жылдың күзінде халық мені түрмеден шығады деп күтті. Осы күнге дейін жазамның үштен бірін өтеп тастадым. Тәртібім де жақсы, іште ұйымдастырылатын іс-шарадан қалмаймын.4-5 мақтау қағазын алғанмын. Соны пайдаланып, Жоғарғы Сотқа өтініш жаздым, бірақ арызымды қанағаттандырмады. Өзімнің іс-әрекетіме өкінемін. Енді қайталамаймын деп уәдемді де беремін. Көктем айында тағы бір сот болады. Сол кезде де менің мекемедегі ішкі тәртібімді де есепке алып, мерзімінен бұрын босатуды сұраймын. Үш қорғаушым болса да, олардың нақты жұмыс істегенінен хабарсызбын. Сот отырысына да келмеді. Шағым сотқа ғана келді деп естідім. Ол менің қатысуымсыз өтті. Адам сыртынан ғайбаттамай-ақ қояйын”, – деді жазасын өтеуші.