Жылуы жоқ: Қоянқұстағы мектеп оқушылары көрпеше тасып, сабақта күртемен отырады 14 ноября 2023, 09:34
Алматы облысы Қоянқұс ауылындағы №47 мектеп 7 жылдан бері орталықтындырылған жылу жүйесіне қосыла алмай отыр. 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілген білім ошағы әлі күнге дейін дизельдік отынмен жылытылып келеді. Жылытылады деген аты ғана. Қыс бойы балалар көрпеше тасып, сабақта күрте киіп отыруға мәжбүр. Күмәндісі сол мәселені шешуге білім бөліміндегілер емес, ата-аналар асығып отыр. «Балаларымыз шетінен ауру» деген жұрттың жанайқайын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Жанар Сейтбекованың 4 баласы 47-мектепте білім алады. Көпбалалы ана білім ошағының орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағанына наразы. Себебі дизелдік отынмен жылытылатын мектептің іші суықтан қақырап тұр. «Менің осы мектепте 4 балам оқиды. Мектеп 2017-2018 жылғы оқу жылында қолданысқа берілген. Содан бері газ жүйесіне қостыра алмай жүрміз. Жылда ертеңменен бізді тойдырып келе жатыр. Жеті жылдан бері біздің өтінішіміз білім басқармасына жетпеді. Дизельдік отынды үнемдеңдер деп мектеп әкімшілігіне қысым көрсетеді. Ақыр соңында зардап шегіп жатқан балалар мен олардың ата-аналары. 2 күн сабаққа келсе 3 күн балалар ауырып жатады», — дейді көпбалалы ана Жанар Сейтбекова. Мектептің құрылысында да кінәрәт бар дейді ата-аналар. 7 жылдан бері асты су, үстінен жел гулеп тұр. Себебі төбеден аққан су төменге жиналған. Ылғалдың иісінен жүру мүмкін емес екен. Сынып жетекшілері скотчпен мектептің терезелерінен соққан желді бітеп отыр. «Газ мәселесі бізді қатты алаңдатады. Мысалы газ 23-25 теңге тұрса, дизельдік отын 300 теңгеге бағаланған. Оны қыс бойы үнемдейді ғой сосын. Біреудің қалтасын томпайтып жатырмыз біз. Күн суытқанда балаларымыз спортзалды мүлде көрмейді. Түске дейін мектеп жылиды да, түстен кейін батареялар салқындап кетеді. Демалыс күндері жылу жүйесін мүлде өшіріп тастайды. Балаларымыз мектепке көрпеше тасып, сабақта күртемен отырады. Сынып жетекшілері скотч әкеліңдер депті. Терезелерден соққан желді сотчпен бітеп жатыр. Былтыр қаңтар айында дизельдік отынның қатып қалуына байланысты сабақ болмай қалды», — дейді Жұмабекова Лаура. Ата-аналардың айтуынша, мекеменің үшінші қабаты тіптен суық. Мектеп басшылығы сол қабатқа жоғары сынып оқушыларын жайғастырыпты. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.