Нотаруис қызметін төлеуден кім босатылады
Krisha.kz кім және қандай жағдайда төлемнен босатылатынын анықтады. Нотариус қызметін төлеу екіге бөлінеді: — мемлекеттік баж; — құқықтық және техникалық қызметтер (тек жеке мамандар төлейді). — Ұлы Отан соғысының ардагерлері; — жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; — Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар; — 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет еткен), ҰОС жылдарында тылдағы қайсар еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның орденімен және медалімен марапатталмаған адамдар; — мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек немесе мүгедек баланың ата-анасының бірі; — «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар. Ішiнара босатылады — қорғаншылық тағайындалған cозылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар — өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алған адамдар. — нотариалды куәландыруға жататын құжат жобасын өз бетінше дайындаған жеке және заңды тұлға; — жалпы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер; — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар; — I және II топ мүгедектер; — жасы бойынша зейнеткерлер; — есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны және басқа төлемдерді талап ету бойынша өндіріп алушылар.